«Мәшһүр Жүсіп оқулары» қалалық байқауының қорытындысы.
2020 жылғы 18 қарашада Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» жұмыспен қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығы 8-11 сынып оқушылары арасында «Мәшһүр Жүсіп оқулары» Республикалық оқуларының қалалық кезеңін өткізді. Байқаудың мақсаты: Мәшһүр Жүсіптің әдеби мұрасын насихаттау, шығармашылық дағдыларды және оқу сауаттылығын дамыту. Байқаудың жүлдегерлері № 20 мектеп-лицейінің оқушылары Байжанқызы Дамира (II орын), Апушева Дина (III орын). Лицей оқушыларын құттықтай отырып, шығармашылық табыстар мен биіктерге жетуді тілейміз.