"Өзін - өзі тану-махаббат пен шығармашылық педагогикасы" республикалық онкүндігі аясында 20 лицей-мектебінде онлайн режимде "Өзін-өзі тану" сағаты өткізілді: "Жалпыадамзаттық құндылықтар - бақытты өмірдің негізі". Іс-шараның мақсаты: оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру; оқушыларға өмірлік құндылық деген не екенін түсінуге көмектесу, басымдықтарды қалай дұрыс анықтау және белгілеу. Іс-шара барысында ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайтын "Адами құндылықтар" бейнеролигі көрсетілді. Әңгіме барысында лицеиістер өзекті мәселелерді: адамның ішкі үйлесімділігі, мейірімділік, жанашырлық, бір-біріне құрметпен қарау, өзіне және басқаларға төзімділік таныту туралы белсенді түрде талқылады. Іс-шара соңында оқушылар "Менің өмірлік таңдауым"сауалнамасының сұрақтарына жауап берді.
"Жалпыадамзаттық құндылықтар-бақытты өмірдің негізі" атты өзін-өзі тану сағаты