Кәсіби бағдар беру жұмысы білім алушылардың өзін-өзі анықтау деңгейін арттыру факторы ретінде.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша жоспарды іске асыру шеңберінде 20 мектеп-лицейде түлек сынып оқушыларының Павлодар облысы бойынша ҰҚКД Шекара қызметінің өкілдері майор О.Т. Бояубаевпен және аға лейтенант Ж. С. Амангелдімен онлайн-кездесуі өтті. Оқушыларға әскери кәсіптер (мамандықтар), ҚР ҰҚКД Шекара қызметі академиясына түсу тәртібі туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, оқушылар назарына ҚР Қарулы Күштері туралы бейнеролик ұсынылды.
Кездесу соңында лицеиістер өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.