20 лицей-мектебінде қысқы сессия өтті
20 лицей-мектебінде қысқы сессия өтті.
Жалпы білім беру сапасын бақылау мақсатында, оқушылардың пәндік оқу деңгейін объективті бағалау нысандарының бірі ретінде, 2020 жылдың 21-25 желтоқсанында «Павлодар қаласының №20 лицей-мектебі» мемлекеттік мекемесінде дәстүрлі Қысқы сессия өткізілді.
Сессия қашықтықтан форматта білім беру Интернет-платформаларын қолдану арқылы өтті
Емтихандардың басталуы алдында сынақ аптасы болды, оның барысында оқушылар жалпы білім беру пәндер бойынша қашықтықтан тест тапсырды.
Емтихан күні, 25 желтоқсан, 9-11 сынып оқушылары үшін бұл күн мазмұнды болды: тапсырмалар стриминг режимде орындалды, ол үшін белгілі бір уақыт бөлінді.
Ассистент ретінде емтиханда Евразиялық Инновациялық университетінің ғалымдары қатысты.
Айта кету керек, үздік оқушылар , ғылыми жобалар байқаулары мен шығармашылық байқауларының жүлдегерлері қысқы сессияның сынақтары мен емтихандарын тапсырудан босатылды, бұл басқа оқушылар үшін түрткі болды.