Онлайн-сайыс "Сен, Абайды білесің бе?»
Абай жылына арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде #20 мектеп-лицейде " Сен Абайды білесің бе?"онлайн-сайыс 11 сынып оқушыларының қатысуымен болды. Іс-шараның мақсаты: ұлы ақын, ағартушы және философ Абайдың шығармашылығына, туған өлке тарихына қызығушылықты дамыту, білім алушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Байқау 3 бөлімнен тұрды:
1. "Қызықты өріс".
2. "Бәйге".
3. "Құпия хат".
Қатысушылар Абайдың өмірбаяны мен шығармашылық жолынан, туған өлкесінің тарихынан фактілерді білу бойынша тапсырмаларды орындады, жазушының шығармаларын жатқа оқыды. Викторина қорытындысы бойынша 11 Б сынып тобы жеңімпаз атанды. Іс-шараны Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б. М. Шажанканова өткізді.