
Білім басқармасы "Майдан жолы" Павлодар іздестіру-зерттеу жасағымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу аясында "Ұлы Жеңіс"облыстық әскери-тарихи конкурсын өткізді. Байқаудың мақсаты-оқушылардың бойында патриоттық тәрбиені, жер бетіндегі бейбітшілік үшін соғыстан өткен майдангер батырларды еске алуға құрметпен қарауды қалыптастыру, Ұлы Отан соғысының тарихи оқиғаларына танымдық қызығушылықты дамыту. 20 мектеп-лицейінің оқушылары осы байқауға белсенді қатысып, І дәрежелі дипломдармен марапатталды: 11 А сынып оқушысы Алигожинов Ислам, ІІ дәрежелі дипломдармен: Альжанов Аслан, Сабитова Қымбат, 10 Б сынып оқушылары, Алгазина Ж., Апушева Д., Арабок А., Байжанқызы А., Бүркіт А., Жаксылыкова Л., Жунусова А., Мәди М., Фучижи Н. жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз қол жеткізген жетістіктерімізбен тоқтап қалмауды тілейміз.