Бүгін 20 лицейде алдын алу бесминуттіктер өтті
Шараның мақсаты: оқушылар арасында тұмау, COVID-19 және ОРВИ маусымдық ауруларының алдын алу. Мектеп - бұл адамдардың көп жиналатын орны және жиі тұмау, COVID-19 және ОРВИ ауруларының ошақтарының біріне айналады. Бұл көбінесе балалардың тұрақты иммунитетке ие болмауына және гигиеналық талаптарды үнемі орындай алмауына байланысты.СӨС үйірмесінің белсенділері Бекенов Әміржан және Бегембет Томирис лицей оқушыларына жеке гигиена, маска режимі, әлеуметтік арақашықтық және салауатты өмір салтын сақтаудың маңыздылығын еске салды.