15 ақпанда №20 лицей-мектебінде математиканың пәндік апталығы басталды
Аптаның ашылуы 9-11 сынып оқушылары қатысқан «Сіз математика тарихын білесіз бе?» викторинасымен басталды. Іс-шараның мақсаты :оқушылардың математика пәніне деген танымдық қызығушылығын қалыптастыру, эрудицияны, дүниетанымын дамыту, өз ойларын тез және анық жеткізе білу қабілеттерін дамыту болды. Викторинаны лицей оқушылары - математика мамандары бастамашыл топ өткізді, олар қазылар алқасының да рөлін атқарды.
Викторинаның ережелеріне нұсқау беру, жауап беру құқығын беру, оқушыларды бағалау, аралық нәтижелерді жариялау - мұның бәрі бастамашыл топтың міндеті болды.
Викторинаның соңында әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады: топтық сайыста 10 А сынып оқушылары жеңімпаз атанды, І орынға Шабанова Анна,ІІ орынға Штерц Данил, ІІІ орынға Мұқатаев Тамерлан ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!