Математика апталығы 20 лицей-мектебінде «Өз ойыным» интеллектуалды конкурспен және «Миллион кімге бұйырады?» ойынмен аяқталды

Іс-шаралар оқушылардың интеллектуалды қабілетін, ой-өрісін кеңейтуге, логикалық ойлау қабілетін дамытуға, жаңа білімді түсінуге деген ұмтылысты, математикаға деген қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған.
Лицей оқушылары алдында күрделі міндет тұрды: 3 кезеңнің сұрақтарына дұрыс жауап бере отырып, мүмкіндігінше көп ұпай жинау, олардың арасында күрделене түскен сұрақтар болды.
«Өз ойыным» конкурсының қорытындысы бойынша 10 А сынып оқушысы Давыдов Егор жеңіске жетті, «Миллион кімге бұйырады?» ойыны бойынша 10 Б сынып оқушылары - Қайыр Б., Муталяп А.Жеңімпаздарды құттықтаймыз!