20 лицей-мектебінде түлектерге кәсіптік бағдар беру мақсатында химия апталығы аясында ИнЕУ-дің инженерлік-техникалық факультетінің оқытушыларымен кездесу ұйымдастырылды

Балалардың алдында сөз сөйлегендер : химия ғылымдарының докторы, профессор Свидерский А.К., химия ғылымдарының кандидаты Дюсеналин Б.К., химия ғылымдарының кандидаты, доцент Носенко Ю.Г., химия магистрі Қасенова Ж.С.
Лицей оқушыларына ҰБТ форматындағы өзгерістер, ЖОО-ға түсу ерекшеліктері, университет беретін жеңілдіктер , жұмысқа орналасу перспективалары туралы ақпарат берілді.
Кездесу қызу өтті: түлектер пайдалы ақпарат алды, ғалымдардан қызықтырған сұрақтарына сауатты жауаптар алды.