№20 лицей-мектебінде информатика апталығы басталды

Информатика апталығының мақсаты - пәнге деген танымдық қызығушылықты дамыту, әр түрлі жастағы шығармашылық топтардың құрамындағы оқушылардың бейресми қарым-қатынасының көкжиегін, шығармашылық қабілеттері мен дағдыларын кеңейту,стандарттан тыс есептерді шығарғанда оқушылардың алған білімдерін қолдануға жағдай жасау.
Лицей оқушылары арасында информатика апталығы өте танымал. Оқушылар іс-шараларды дайындауға және өткізуге белсенді қатысады.
Информатика аптасының бірінші күні 10А сынып оқушылары Жанибек Асенов ,Мадина Аленова ,Богдан Дементьев және 10 Б сынып оқушылары Дидар Қайдаров, Аслан Альжанов,Даяна Қалыкова,Томирис Бегембет ерекше көзге түсті.