«Павлодар қаласы №20 лицей-мектебі» КММ-нде жаратылыстану-математикалық циклі пәндерінің апталығына арналған шаралар жалғасуда
Аптаның бірінші күні география бойынша кітаптар, энциклопедиялар, сондай-ақ қосымша қызық әдебиеттері қойылған кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Quizlet қызметі арқылы 9-сынып оқушыларына физикадан онлайн-викторина өткізілді.
Викторинаның мақсаты -«Физика» пәні бойынша білімді жаңарту, алған білімдерін стандартты емес жағдайда қолдана алатын дарынды оқушыларды анықтау, сонымен қатар физикаға деген қызығушылықты арттыру.
Оқушылар ойын барысында танымдық белсенділіктерін, шығармашылық қабілеттерін, тапқырлықтары мен байқағыштықтарын көрсетті.
Викторина жүлдегерлері :
I орын –Қабулқақ Анель, 9 сынып.
II орын- Темірбулатова Аяна, 9 сынып.
III орын –Қайролла Елнұр, 9 сынып.
Биология әуесқойлары үшін «Ең көп» сайыс-ойыны өтті. Сайыстың мақсаты - оқушылардың танымдық белсенділігін, эрудициясын дамыту, сонымен қатар биология бойынша білімдерін жаңарту.
Сайыс барысында оқушылар 1 минут ішінде Жерде өмір сүрген және өмір сүретін ең үлкен және ең кішкентай тірі организмдердің биологиялық сипаттамасын ұсынуы керек еді.
Конкурс жүлдегерлері:
I орын – Кеңес Ильяс, 10 сынып.
II орын – Масғутова Арай, 10 сынып.
III орын – Сабитова Қымбат, 10 сынып.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және жүлдегерлерді құттықтаймыз!!!