VII-ші Республикалық кешенді олимпиада "Сардар" 11 сынып оқушылары арасында

2021 жылдың 16 наурызында "Сардар" олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Олимпиада онлайн режимінде Google-disk платформасында келесі пәндер бойынша өткізілді: математика, физика, қазақ тілі, орыс тілі, бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыру.
Олимпиаданың мақсаты-әскери білім берудің беделін насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және еліміздің әскери оқу орындарында оқуға барынша дайындалған үміткерлерді анықтау.
Олимпиаданың әр кезеңі екі қашықтық турдан өткізілді:
- теориялық - физика, математика, қазақ немесе орыс тілдері (оқыту тіліне қарай), Қазақстан тарихы және алғашқы әскери дайындық бойынша тест тапсырмаларын орындау;
- практикалық - дене шынықтыру нормативтерін орындау: бүгілген қолдағы планкада тұру, еденнен сығу, денені бастапқы қалыптан көтеру.
Олимпиада қорытындысы бойынша 11 Б сынып оқушысы Қайыр Бейімбет жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Қайырды құттықтаймыз, табыс тілейміз!