Наурыз мерекесі қарсаңында "Жасын" жобасын жүзеге асыру аясында "QUIZ Наурыз" зияткерлік онлайн ойыны өтті.

Наурыз мерекесі қарсаңында "Жасын" жобасын жүзеге асыру аясында "QUIZ Наурыз" зияткерлік онлайн ойыны өтті.
Ойынның ұйымдастырушысы "Шаңырақ" МБУО болды.
Ойынның мақсаты-жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды, дәстүрлерді сіңіру, патриоттық сезімді тәрбиелеу.
Сайыс 3 бөлімнен тұрды:
"Ұлттық Жауһар" атты 1-бөлімде ұлттық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар мен құндылықтар туралы сұрақтарға жауап беру қажет болды.
"Тарих-тарлан" 2-бөлімінде ойыншылар Қазақстан тарихынан білімдерін көрсетті.
"Ұлы Дала музыкасы "атты 3-бөлімде қатысушылар халық әндері мен күйлерін, қазақ композиторларының шығармаларынан үзінділер тапты.
Жарыста 20 лицей-мектебі атынан 10 Б сынып оқушысы Бегембет Тамерлан бәйгеге түсіп I дәрежелі дипломға ие болды.
Тамерланды құттықтаймыз және оған одан әрі табыстар мен жеңістер тілейміз!