Бүгін №20 лицей-мектебінде қазақ тілі және өзін-өзі тану пәндерінің апталығы басталды

Бүгін №20 лицей-мектебінде қазақ тілі және өзін-өзі тану пәндерінің апталығы басталды. Мақсаты - оқушылардың бойында қазақ халқының ана тіліне, дәстүрлері мен мәдени мұраларына деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін қалыптастыру; жалпыадамзаттық және рухани құндылықтарды дамыту.
Онкүндіктің бірінші күнінде оқушылар белгілі қазақ жазушылары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар туралы бейнероликтер дайындады, ұлы Абайдың қара сөздерінен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларынан дәйексөз келтірді.
«Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбындағы кітап көрмесінде қазақ тіл білімі, тарихы, мәдениеті, халықтың әдет-ғұрыптары туралы басылымдар ұсынылды.