“Құнды қасиет-мейірімділік» сабағы.

Бүгін №20 лицей-мектебінде 9-11 сыныптарында «Құнды қасиет-мейірімділік» тақырыбына сабақ өтті. Сабақтың мақсаты - оқушылардың бойына ізгілік туралы түсінік қалыптастыру, оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту, мейірімділіктің әр адамның өміріндегі рөлі туралы білімдерін кеңейту, өзара сыйластыққа , басқаларға сыпайылыққа тәрбиелеу.
Оқушылар «Қайырымдылық жаса» деген бейнеролик қарады және «Бірде-бір жақсылық зая кетпейді» өсиет әңгіме тыңдады. Шығармашылық тапсырма орындады : мейірімділік сүрлеуін жасады, онда өздерінің қайырымдылық істері туралы жазды.
Сабақ аяғында оқушылар мейірімділік символы -жүректермен- бір-бірімен бөлісті.