"Таза табиғат" ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында бүгін қала аумағына көшет отырғызу бойынша "Мекенім - жасыл орманым" экологиялық акциясы өтті.
"Таза табиғат" ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында бүгін қала аумағына көшет отырғызу бойынша "Мекенім - жасыл орманым" экологиялық акциясы өтті.
20 лицей-мектебінің 11 сынып оқушылары, ата-аналар, ұстаздар акцияға белсене қатысты.
Акцияға қатысушылар жақын арада туған қаламыздың жаңа жасыл аймақтарын безендіретін ағаштар отырғызды.
Ағаш отырғызу - бұл аумақты көгалдандыру ғана емес, сонымен қатар жақсы естелік қалдыру. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін арттырады, табиғатқа ұқыпты қарауды үйретеді.