9-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жалпы республикалық ата-аналар жиналысы.
Бүгін 20 лицей-мектебінде 9-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жалпы республикалық ата-аналар жиналысы онлайн форматта өтті.
Ата-аналар жиналысын өткізудің мақсаты оқушылардың ата-аналарын немесе заңды өкілдерін 2020-2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету болды.
Ата-аналар жиналысының бірінші бөлімінде сынып жетекшілері 2020-2021 оқу жылының қорытындылары, соңғы қоңырау мерекесіне, бітіру кешіне арналған тізбектерді өткізу және Жазғы мектептің сабақтарын ұйымдастыру туралы ақпарат берді.
Жиналыстың екінші бөлімі ата-аналардың пән мұғалімдерімен, психологпен, әлеуметтік педагогпен диалог түрінде өтті.
Ата-аналардың мектеп мұғалімдерімен жеке сұхбаттары оқушылардың үлгерімі, еңбекқорлығы мен мінез-құлқы, сондай-ақ шығармашылық қабілеттері туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік берді.