"Кенгуру – математика барлығы үшін" халықаралық ойын конкурсына лицеистердің қатысу нәтижелері.

"Кенгуру – математика барлығы үшін" халықаралық ойын конкурсына лицеистердің қатысу нәтижелері.
2021 жылғы 11-16 мамыр аралығында "Дарын" РҒПО әлемдегі ең танымал математика конкурстарының бірі – "Кенгуру - математика барлығы үшін" халықаралық конкурсын өткізді.
Жыл сайын біздің лицей оқушылары күрделілік деңгейіне қарай қарапайымнан күрделіге дейін өзгеретін тапсырмаларды орындай отырып, осы байқауға белсенді қатысады.
Осы оқу жылында 20 лицей-мектебінің 9-11 сыныптарының 45 оқушысы қатысты, оның ішінде 35 оқушы I орынға ие болды.
Лицей оқушыларына алдағы жеңістер мен жаңа биіктерге жетуді тілейміз!