Су айдындарында шомылу кезіндегі жасөспірімдердің қауіпсіздігі.
Бүгін 20 лицей-мектебінің "Балдәурен" бейіндік лагерінің жұмыс жоспарына сәйкес Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғаныс майоры Тастанбеков Сабыржанмен онлайн-кездесу өтті. Кездесудің тақырыбы-су айдындарында шомылу кезіндегі жасөспірімдердің қауіпсіздігі.
Шомылу маусымы қарсаңында маман балаларға судағы жүріс-тұрыс ережелері туралы айтып берді:
- жалғыз жүзбеңіз: қауіп төнген жағдайда жолдасыңыз сізге көмектеседі;
- тамақтан кейін бірден жүзуге болмайды;
- ересектерсіз бейтаныс жерде жүзбеңіз;
- таныс емес жерде сүңгуге болмайды;
- өте суық суда жүзбеңіз;
- лас суда жүзбеңіз.
Суда қауіпсіз жүріс-тұрыс шараларын мүлтіксіз сақтау ғана жазатайым оқиғаның алдын алады.