Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ұжымға Сovid-19 вакцинациясы туралы хабарлау.
24-06-2021 00:29
Ұжымға Сovid-19 вакцинациясы туралы хабарлау.

   Бүгін №20 лицей-мектебінде онлайн форматта Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ КМК-ң жедел жәрдем дәрігері Асель Руслановна Онбаевамен кездесу ұйымдастырылды.
   Кездесудің мақсаты - ұжымға covid-19 вакцинациясы туралы хабарлау.
  Дәрігер атап өтті:
  ✔️ коронавирустық пандемиямен күрес екінші жылдан бері жалғасуда және бүгінгі күні вакцинация аурудың алдын - алудың, ұжымдық иммунитетті дамытудың және бұрынғы өмір сүру жағдайларына оралудың жалғыз тиімді әдісі болып табылады;
  ✔️ барлық уақытта жаппай вакцинация адамзатты түрлі індеттерден құтқарды;
  ✔️ пандемияны тоқтату үшін халықтың 60-70% - ы вакцинациядан өтуі керек;
  ✔️ вакцинацияға қалай дайындалу керек;
  ✔️ вакцинациядан кім бас тартуы керек;
  ✔️ санитарлық-профилактикалық шараларды сақтау.
   Кездесу диалогтық форматта өтті: педагогтар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.