Домбыра күні.

Кейінгі жылдары шілденің бірінші жексенбісінде Домбыра күнін атап өтіп келеміз.
Домбыра – Ұлы даланың символы, тарихымыздан сыр шертетін мәдениетіміз бен өнеріміздің тұмары.
Қазақ өнерін қара домбыраның шанағынан төгілетін күйдің күмбірінсіз елестету мүмкін емес. Он тоғыз перне мен қос ішектің құдыреті сол – ұлттың рухын оятып, тарихы терең бабалар дәстүрінің тамырын бүлкілдетеді.
Ұлттық домбыра күнімен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт пен толайым табыс тілейміз!