"Әлем таныған Абай" мәнерлеп оқу онлайн-байқауы

2021 жылдың 10 тамызында Абай Құнанбаев күніне орай "Жігер" БЖК базасында қала мектептерінің оқушылары арасында "Әлем таныған Абай" мәнерлеп оқу онлайн-байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты - Ұлы Абайдың шығармашылығын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, патриоттық сезімін, ұлттық мәдениетке құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Байқауға үш жас санатында барлығы 300-ден астам оқушы қатысты.
20 мектеп-лицейінің оқушысы Калыкова Даяна 15-18 жас аралығында Бас жүлдені иеленді.
Даяна - мәнерлеп оқу сайыстарының бірнеше дүркін жүлдегері, шет тілдерін оқып, өлең шығарып, поэзияда алғашқы қадамдарын жасайды. Сайысқа оқушы Абай шығармаларын ағылшын тілінде ұсынды.
Даянаны жеңісімен құттықтаймыз, шабытты шығармашылық тілейміз!