№20 лицей-мектебінің оқушылары «Парасатты ұрпақ - ұлт болашағы» атты қалалық байқауының жеңімпаздары.

«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «Парасатты ұрпақ-ұлт болашағы» тақырыбына эссе және өлең жазу бойынша қалалық кезеңін өткізді.
Сайыстың шарттары бойынша №20 лицей-мектебінің оқушылары «Парасатты ұрпақ - ұлт болашағы» тақырыбымен өз шығармалық эссе мен өлеңді ұсынды.
Сайыс қорытындысы бойынша, өлең жазу номинациясында1 дәрежелі дипломға 10 Б сынып оқушысы Борецкая Диана ие болып, эссе жазу номинациясында 2 дәрежелі дипломға 11 Б сынып оқушысы Әбілмансурова Еркежан ие болды.
Педагогтар лицеисттердің жетістіктерін мақтан тұтып, шығармашылық табыстарды тілейді!