«Жігер «Балалар-жасөспірімдер клубы» КМҚК Павлодар қаласы білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан – жүрегім» атты ақындар сайысы өткізілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылдың 10 желтоқсанында «Жігер «Балалар-жасөспірімдер клубы» КМҚК Павлодар қаласы білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан – жүрегім» атты ақындар сайысы өткізілді.
Байқау шарты бойынша қатысушылар ұлттық домбыра аспабында өзіндік сүйемелдеуімен патриоттық әндер орындады.
Байқау қорытындысы бойынша №20 лицей-мектебінің биология пәнінің мұғалімі Ж.М. Джакупов 2 дәрежелі диплом иегері атанды.
Жанат Мұхамедұлын құттықтаймыз, шығармашылық табыс пен жаңа биіктерді бағындыруға тілектеспіз!