№20 лицей-мектебінде қазақтың көрнекті жазушысы, педагог Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «А. Байтұрсынов - тарихи тұлға» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Қоғамдық-гуманитарлық циклдің онкүндігі аясында №20 лицей-мектебінде қазақтың көрнекті жазушысы, педагог Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «А. Байтұрсынов - тарихи тұлға» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты – оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, А.Байтұрсыновтың мұрасын кеңінен насихаттау.
Конференцияда оқушылар А.Байтұрсынов қоғам қайраткері, ғалым, «Алаш»партиясының көшбасшысы ретіндегі өмірі мен қызметі туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен таныстырды. Ғалым-ағартушының қазақ тілінің дамуына, қазақ жазуының тарихына сіңірген еңбегіне тоқталып, А.Байтұрсынов қазақ тіл білімінің дамуына қосқан үлесі мен латын графикасына негізделген жаңа әліпбидің ерекшеліктерін талқылады.