Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
14-15 сәуірде Инновациялық Еуразия университетінде Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының «Білім мен ғылым интеграциясы болашаққа қадам» атты XLVIII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
16-04-2022 11:41
14-15 сәуірде Инновациялық Еуразия университетінде Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының «Білім мен ғылым интеграциясы болашаққа қадам» атты XLVIII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
   14-15 сәуірде Инновациялық Еуразия университетінде Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының «Білім мен ғылым интеграциясы болашаққа қадам» атты XLVIII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
   Конференцияға жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдердің мектептерінің 5-11 сынып оқушылары қатысты.    №20 лицей-мектебінің 7 оқушысы конференция жеңімпазы атанды.
   «Мультимедиялық кеңістіктегі филологияның заманауи мәселелері» секциясында 10 Б сынып оқушысы Холодко Арина «Интернет коммуникациясында музыкалық мемдерді қолдану ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасап, ІІ орынды иеленді (ғылыми жетекшісі М.Б.Айтмағамбетова), 11Б сынып оқушысы Аружан Сембаева «Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен оқушылардың сабақта және сыныптан тыс жұмыста мультимедиялық технологияларды қолдануы танымдық белсенділікті арттыру құралы ретінде» жұмысымен таныстырып, ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды (ғылыми жетекшісі Г.Т.Топанова),11Б сынып оқушысы Шакира Шахмарданова lll орынға ие болды. Оның баяндамасының тақырыбы: «Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар» (ғылыми жетекшісі Б.М.Шажанканова).
   «Есептеу және ақпараттық технологиялар-қоғамды цифрландырудың негізі» бөлімінде 10 А сынып оқушысы Адель Жакишева комиссия мүшелеріне «Пандемия кезіндегі қашықтықтан шыққан тиімді тұстары»тақырыбында баяндама жасап, II дәрежелі дипломмен марапатталды (ғылыми жетекшісі А.К.Омарова).
   «Тіршілік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және инновациялық химиялық технологияларды пайдалану» бөлімінде 10 Б сынып оқушысы Мадина Майкотова «Биологиялық ыдырайтын полимерлі пленкаларды алу үшін табиғи материалдарды пайдалану» тақырыбында баяндама жасады. Мадина ІІІ дәрежелі дипломға ие болды (ғылыми жетекшісі Г.К.Норпеисова).
   «Экономиканың трансформациясы мен дамуының заманауи трендтері»бөлімінде 10 Б сынып оқушысы Әміржан Бекенов «Элиот толқыны принципі бойынша және Фибоначчи сандары әдісін қолдану арқылы қор нарығын талдау» тақырыбында баяндамасын ұсынып, II орынды иеленді. (ғылыми жетекшісі М.С.Бокаева),11 Б сынып оқушысы Тамерлан Бегембет «Оқушылардың көзқарасын дамыту үшін география сабағында ақша таңбаларын зертеу» баяндамасын жасап, ІІІ орын иеленді(ғылыми жетекшісі Г.К.Жакиянова).