«Жаз, балалық шақ және отбасы» - Павлодар қаласының Төменгі жағалауында өткен асфальтқа 3D сурет салу байқауының атауы. Жарыстың ұйымдастырушысы «Жігер» балалар мен жасөспірімдер клубы болды.

Іс-шараның мақсаты – шығармашылық әлеуетін дамыту, ұжымдық рухты қалыптастыру, жазғы уақытта оқушылардың бос уақыттарын қамтуды ұйымдастыру.
Балалардың түрлі-түсті қарындаштармен тротуарға салған суреттері қала жағалауының сәнін келтірді. Байқауға қатысушылардың қиялы мен талантында шек болған жоқ: түрлі-түсті шарлар, аксессуарлар мен киім-кешек бұйымдары да қолданылды.
№20 лицей-мектебінің оқушылары жоғары сынып оқушылары ретінде басқа мектептің кіші жастағы балалары орындайтын жұмыстың ассистенті және сарапшысы болу құрметіне ие болды.