Әлихан Бөкейхан атындағы лицей -мектебінде «Балдәурен» бейінді лагерінің жұмыс барысында, балалардың спорттық ойындар бойынша адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін дамыту мақсатында « Қыран» тобы мен « Қолөнер» аралығында «Көңілді старт» спортты

Әлихан Бөкейхан атындағы лицей -мектебінде «Балдәурен» бейінді лагерінің жұмыс барысында, балалардың спорттық ойындар бойынша адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін дамыту мақсатында « Қыран» тобы мен « Қолөнер» аралығында «Көңілді старт» спорттық эстафеталық өткізілді.
Таза ауа, спорт болсын дәріміз,
Еңбек етіп келгенінше әліміз.
«Алға» — деген бір – ақ мақсат ұстанып,
Сайысқа аттанайық бәріміз!
-деп сергіту сәттен басталды. Балалар флешмоб биледі.
Топтар әдемі эмблемаларын ұсынып өздерін өлеңмен таныстыра білді.
Жалын» тобы
Топтың ұраны: Жалындаймыз, жанамыз,
Біз спортшы боламыз!
«Шымыр» тобы
Топтың ұраны: Біз шымыр, сергек денеміз,
Спорт сүйер өренбіз!
1.«Мәреге кім бұрын?» Секіртпемен секірді
2. «Кім жылдам» . Доппен кедергілерден өтті.
3. «Тепе-теңдікті сақтау» сайысы. Қалың кітапты басымызға қойып тікемізден тік жүріп,белгіленген жалаушаға дейін барып келеміз. Келесі ойыншыға қол беру арқылы ойынды жалғастырамыз.
4. «Мен шебермін» сайысы Шеңбер айналдырды.
5. «Капитандар сайысы». 2 команданың капитандары ортаға аяқтарына шар байлап шығады, қарсыластың аяғындағы шарын жаруға тырысты.
6. «Қызық ойын» сайысы.«Фанта, кетчуп, кока-кола» ойыны өте қызықты өтті.
Осымен салауатты өмір салтын сақтау бағытына арналған эстафетада «Жалын» тобы 15 ұпаймен жеңіске жетті. Екі топқа да тәтті сыйлықтар таратылды.