"Амансың ба, жаз!"
Бүгін №20 лицей-мектебінде жазғы кәсіптік "Балдәурен" лагерінің салатанатты ашылуына байланысты линейка өтті. 8-10 сынып оқушылары өз отрядтарын таныстырды: отряд аты, ұраны, таңбасы арқылы.
Алда оқушыларды пән олимпиадасына, ғылыми жобалармен жұмысқа дайындалатын оқу сабақтары ғана емес, қызықты мәдени шаралар күтіп тұр.