Мектебіміздің бір топ оқушысы «Алтын сақа» инновациялық шығармашылық орталығына арнайы қонақ болып барды. Оқушылар «Жас қалам» үйірмесінің кабинет-студиясында да кездесу өткізіп, журналист-тәлімгер Асыл Әбіштің дәрісін тыңдады. Өзара пікір алмасты, үйірме мүшелерінің тәжірибе мен дағды қалыптастыру бойынша ойларына назар аударды. Балаларды бастап барған Каппаева Б.А. «БӨКЕЙХАН NEWS» мектеп газетімен таныстырып, «Жас журналист» үйірмесінің жұмысы жайлы айтып өтті. Сондай-ақ «Ұлағат» алаңында «Алтын сақа» орталығының кезекті бейнеподкаст жобасы түсіріліп, ондағы қонақ білікті педагог, еңбек ардагері, «Аналар әлемі» қоғамдық ұйымының төрайымы Максилова Бақытжамал әженің әңгімесін тыңдады.
Подкаст жобасы соңында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, өлең оқып, күй шертіп, ән шырқады.
