Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Меморандумға қол қойылды
20-02-2025 10:49
Меморандумға қол қойылды

Павлодар қаласының, Қарағанды облысының Шахтинск және Балқаш, Қостанай облысының Рудный және Қостанай, Астана қалаларының Әлихан Бөкейхан атындағы мектептерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл маңызды қадам еліміздің білім беру жүйесінің сапасын арттыруда, оқушылар мен ұстаздар арасында тәжірибе алмасуда, Әлихан Бөкейханның есімін ұлықтап, оның мұрасын насихаттауда, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде, олардың рухани-мәдени дамуы үшін қажет екені сөзсіз.
Ынтымақтастық орнату арқылы білім беру жүйесін нығайту, ұлттық құндылықтарды сақтау, өскелең ұрпаққа тәуелсіздік пен тарихқа деген құрметті дәріптеу көзделуде.
Әлихан Бөкейхан мектептерімен ынтымақтастықтың мақсаты:
1. Ғылыми-әдістемелік жұмыс - ғылым жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибеге негізделген және үздіксіз білім беру жүйесінің жұмыс істеуін және оны дамытуды жетілдіруге бағытталған қызмет түрлерін дамытуға ақыл-кеңестер беру;
2. Инновациялық әдістер – оқыту үрдісінде жаңа технологиялар мен әдістемелерді қолдану, тиімді оқу құралдары мен ресурстарды енгізу;
3. Біліктілікті арттыру - біліктілікті арттыру жүйесін жаңғырту қарқынын арттыру мақсатында курстар, семинарлар өткізу.