Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Тамыз конференциясы
22-08-2025 23:02
Тамыз конференциясы

    Бүгін «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ - КӘСІБИ МАМАН» тақырыбындағы қалалық тамыз конференция өтті. Конференция жұмысына Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Гладышева Светлана Анатольевна қатысты.
   Алғашқы сөзді қалалық білім бөлімінің басшысы Т.С. Нуркешов алып, өткен оқу жылына есеп беріп, алдағы оқу жылының мақсат-міндеттері жайлы айтып өтті.
      Сонымен қатар конференция спикерлері баланы ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, педагогтер арасында сандық мәдениетті дамыту және қолдау сияқты тақырыптарда сөз сөйледі.
      Конференцияның екінші бөлімінде 2024-2025 оқу жылында үздік атанып, толағай табыстарға жеткен білім беру ұйымдары марапатталды.
      Әлихан Бөкейхан атындағы лицей-мектебіміздің түлектері ҰБТ-да жоғары көрсеткіш көрсетіп, мемлекеттік білім грантының иегерлері атануына орай «Сапалы білім беретін мектеп» номинациясын жеңіп алды. Сондай-ақ оқушыларды облыстық және республикалық зияткерлік олимпиадалар мен конкурстарға жүйелі сапалы дайындағаны үшін «Шыңдарға жетелейтін мектеп» номинациясында үздік атанса, қалалық «Әдістемелік вернисаж» байқауының «Құзырет орталығы» номинациясы бойынша жүлделі 1-орынға ие болды.
    Бұл жеңіс - мектеп ұжымының табысты, креативті және нәтижелі білім беруінің айғағы. Бұл - педагогтердің кәсіби шеберлігі, еңбегі мен бастамашылығының жемісі.
Мектеп ұжымын осы жеңіспен шын жүректен құттықтап, сарқылмас шабыт, мықты күш-жігер тілейміз!

Бөкейхан, алға!
Шаршама, талма!
Биікке самға!