Жеке қабылдау
Бүгін 2 қыркүйек күні сағат 15:00-17:00 аралығында лицей-мектебіміздің директоры Жусупова Ляйля Бажевна ата-аналарды жеке сұрақтар бойынша қабылдады.
Кездесу барысында ата-аналар тарапынан сыныптан - сыныпқа ауысу, үйірме жұмыстары, сабақ ауысымдары сынды өзекті мәселелер көтерілді.
Мектеп басшысы қойылған барлық сұрақтарға нақты, тұшымды жауап беріп, тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Туындаған мәселелер оңтайлы шешімін тапты.
Ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

