Кітапханадағы әңгіме
Кітапханамызда “Балалар кітапханасы” жобасы аясында,15 қазан С.Мұратбековтың туғанына 90 жылдығына арналған “ жазушының “Жусан исі” әңгімесіне шолу өткізілді. Оқушыларға алдын-ала шығарманы оқуға тапсырма берілді. Мақсаты: шығарманың ой -түйінін жан-жақты аша отырып, идеясына көз жеткізу, жазушының қозғап отырған көкейкесті мәселесін талдап, мазмұнын ашу.Класстер әдісі арқылы әңгімені ашу.Оқушылар әңгімені оқып жақсы дайындалып келгендерін көрсетті. Әңгіме кейіпкері туралы өз ойларын жақсы жеткізді.

