Телефон доверия
8-(7182) 22-04-10
Адрес: ул. Ак. Чокина, 159/4
8-(7182)22-04-10
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 15.00-17.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Мұғалім-логопедтің кәсіби міндеттері
03-09-2025 13:47
Мұғалім-логопедтің кәсіби міндеттері

 

   Мұғалім-логопед жалпы білім беретін мекемелерде мұғалімдерге арналған талаптарға сәйкес тағайындалады және жұмыстан босатылады.

   Мұғалім-логопед балалардың сөйлеу бұзылыстарын уақытылы анықтау, логопедтік пунктті толықтыру және түзете оқыту сапасын қамтамасыз ету үшін жауап береді.

Мұғалім-логопедтің негізгі міндеттері:

  • Балалардың ауызша және жазбаша сөйлеу кемшіліктерін түзету мақсатында оқу жүргізу, сондай-ақ сөйлеу кемістігіне байланысты үлгермеудің алдын алу.
  • Сөйлеу бұзылыстарына байланысты оқу үлгермеушілігі мәселелері бойынша педагогтар мен ата-аналарға (заңды өкілдерге) кеңес беру.
  • Логопедтік пунктке баратын балалармен жұмыс істейтін педагогтармен жүйелі байланыс орнату.
  • Мектепке дейінгі ұйымдармен, жалпы білім беретін мектептермен, сөйлеу тілінде ақауы бар балаларға арналған мектептермен, логопедтермен, балалар емханаларының мамандарымен, ПМПК, оңалту орталықтары мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің дәрігер-мамандарымен өзара байланыс жасау.
  • Білім беру саласының қызметкерлері мен ата-аналар арасында логопедтік білімді насихаттау; логопедтік жұмыстың мақсаты, мазмұны, нәтижелері, сөйлеу бұзылыстары бар оқушылардың үлгермеушілігінің алдын алу ерекшеліктері туралы педагогикалық кеңестер мен ата-аналар жиналыстарында баяндама жасау.
  • Мұғалім-логопедтердің аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу.
  • Білім беру мекемесі әкімшілігіне жыл сайын логопедтік көмек көрсету жұмысы бойынша есеп дайындау.
  • Өзінің кәсіби біліктілігін арттыру (әр 5 жыл сайын) және педагог қызметкерлерге арналған тәртіпке сәйкес аттестациядан өту.

   Мұғалім-логопедтің апталық жүктемесі кеңес беру уақыты есептелмегенде – 18 сағат.

   Мұғалім-логопедтердің жұмысын бақылау мен басшылықты логопедтік пунктке жауапты білім беру басқармасы мен пункт орналасқан мекеменің әкімшілігі жүзеге асырады.

   Аудан, қала немесе облыс аумағында бірнеше логопедтік пункт болса, әдістемелік кабинеттерде немесе білім жетілдіру институттарында логопедтердің әдістемелік бірлестіктері құрылуы мүмкін.

   Әдістемелік бірлестіктерге басшылықты — аттестаттаудың нәтижесі бойынша «аға мұғалім-әдіскер» атағы берілген, білім беру басқармасы тағайындаған тәжірибелі мұғалім-логопед атқарады.

   Аудан орталығынан алыс орналасқан шағын жинақталған мектептерде логопедтік көмекті логопедия бойынша қайта даярлықтан өткен мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері немесе бастауыш сыныптың қазақ тілі мұғалімдері көрсете алады. Бұл жағдайда логопедтік жұмыс еңбек заңнамасына сәйкес қосымша ақы төлене отырып, осы Ережеге сай ұйымдастырылады.