Біздің оқушыларымыз «Сарыарқа самалы» газетінің бетінде!
Тамаша жаңалық! Біздің оқушыларымыз «Сарыарқа самалы» газетінің бетінде!
Әлихан Бөкейхан атындағы лицей-мектебіміздің жас дарындары облыстық белгілі басылымның «Айналайын» балалар қосымшасына шықты.
Бұл жай ғана мақала емес — бұл біздің оқушыларымыздың шығармашылық ізденісінің, еңбекқорлығы мен дарындылығының жемісі. Газет бетінде мектебіміздің тыныс-тіршілігі мен шәкірттеріміздің жүрекжарды туындылары жарық көрді.
Ұстаздар қауымы үшін шәкірттерінің осындай биіктен көрінуі — үлкен мәртебе әрі мақтаныш! Басылым бетінен орын алған әрбір оқушымызды шын жүректен құттықтаймыз! Көрер биіктеріңіз көп болсын, жас дарындар! @saryarqa_samaly
