Әдістемелік бірлестік жетекшілерінің отырысы
Әдістемелік бірлестік жетекшілерінің отырысы
Жаңа оқу жылы қарсаңында әдістемелік бірлестік жетекшілерінің отырысы өтті.
Отырыс барысында жаңа оқу жылындағы оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың өзекті мәселелері қарастырылды:
- Нұсқаулық-әдістемелік хатты (НӘХ) іске асыру ерекшеліктері;
- мектептің әдістемелік жұмысының негізгі бағыттары;
- әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспарларын талқылау және бекіту;
- дарынды және ынталы білім алушылармен жұмысты ұйымдастыру;
- оқушыларды олимпиадаларға, зияткерлік, ғылыми және шығармашылық байқауларға дайындау;
- білім сапасын арттыру және педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру мәселелері;
- тәжірибе алмасу және жаңа оқу жылына арналған әдістемелік бірлестіктердің басым міндеттерін айқындау.
Отырыста бірыңғай әдістемелік ортаны қалыптастыруға, педагогтер мен білім алушыларды тиімді қолдауға, сондай-ақ білім сапасын арттырудың заманауи тәсілдерін іздеуге ерекше көңіл бөлінді.
Жаңа оқу жылы – жаңа мақсаттар, жаңа идеялар және педагогтердің кәсіби өсуі мен оқушыларымыздың жаңа жетістіктеріне жаңа мүмкіндіктер!



