Телефон доверия
8-(7182) 22-04-10
Адрес: ул. Ак. Чокина, 159/4
8-(7182)22-04-10
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 15.00-17.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
1 қыркүйек – Білім күні алғашқы сынып сағаты
01-09-2026 10:38
1 қыркүйек – Білім күні алғашқы сынып сағаты

1 қыркүйек – Білім күні
«Қазақстан Республикасының Конституциясы: адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында 10-сынып оқушыларымен алғашқы сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатында оқушылар Конституцияның қоғамдағы маңызы, азаматтық жауапкершілік, адалдық, құқық пен міндет, ел болашағына деген жауапкершілік туралы ой бөлісті. Тақырып аясында пікір алмасып, өз көзқарастарын білдірді. Балалардың ой-пікірлерінен бұл тақырыптың талқылауға тұрарлық, әрқайсымыздың күнделікті өмірімізбен тығыз байланысты маңызды мәселелерді қамтитыны байқалды.
Сонымен қатар, жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастап, сыныпта бірлік пен өзара қолдауды қалыптастыру мақсатында сплочение тренингі ұйымдастырылды. Тренинг барысында оқушылар бір-бірін жақынырақ танып, командалық жұмыс жасап, ынтымақтастықтың маңызын сезінді.
Жаңа оқу жылы – жаңа мақсаттар мен жаңа мүмкіндіктердің бастауы.
Биылғы жыл 10-сынып оқушылары үшін ізденіске, дамуға, биік мақсаттарға және жарқын жетістіктерге толы болсын!
Бір сынып – бір команда – ортақ мақсат!