«Тіл — достықтың алтын көпірі!»
Әлихан Бөкейхан атындағы лицей-мектебімізде 8-11 сынып оқушылары арасында Тілдер күніне орай ұйымдастырылған «Тіл керуені» интеллектуалды квесті жоғары деңгейде өтті!
Іс-шараның басты мақсаты — ана тілімізге деген құрметті арттыру, оқушылардың тілдік құзыреттілігі мен тапқырлығын шыңдау және достық пен ынтымақтастықты нығайту болды.
Квест барысында оқушылар:
Түрлі қиындықтағы логикалық және тілдік тапсырмаларды шешті;
Командалық ауызбіршілік пен тапқырлықтарын сында салды;
Жеңіс жолында тартысты да қызықты сәттерді бастан кешірді.
Жеңімпаздарды қуана хабарлаймыз:
1-орын: 8 «А» сыныбы
2-орын: 10 «А» сыныбы
3-орын: 8 «Б» сыныбы
Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс айтамыз, ал жеңімпаздарды жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!
Тіліміз мертебелі, бірлігіміз бекем болсын!


