«Бала тәрбиесі – ортақ міндет: заң, тәртіп, құндылық және жауапкершілік» тақырыбында ата-аналар жиналысы
Мектебімізде «Бала тәрбиесі – ортақ міндет: заң, тәртіп, құндылық және жауапкершілік» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиын барысында бала тәрбиесіндегі ата-ана мен мектептің өзара байланысы, оқушылардың заң мен тәртіпті сақтауы, құқықтық сауаттылығы, қауіпсіздігі, сондай-ақ ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Балаға дұрыс бағыт-бағдар беру, оның қауіпсіздігіне алаңдау, тәртібі мен тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау – ата-ана мен мектепке ортақ міндет.
Бірлік бар жерде – тәрбие бар.
Тәрбие бар жерде – саналы ұрпақ бар!



