Денсаулық күні
Денсаулық – зор байлық!
Бүгін мектебімізде Денсаулық күніне орай оқушылардың салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру және көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында таза ауада спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Таза ауадағы көңілді спорттық ойындар, қимылды жаттығулар мен жарыстар оқушылардың белсенділігін арттырып, достық қарым-қатынасты нығайта түсті.
Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі – оқушылардың қатысуымен өткен флешмоб болды. Әуен ырғағымен орындалған би баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Спортпен шұғылдану – денсаулықты нығайтудың ең жақсы жолдарының бірі!
Әр күніміз қозғалысқа, қуанышқа және жақсы көңіл күйге толы болсын!



