"12 ай 12 кітап" жобасы аясында "Кітап алаңы"
Мектебіміздің кітапханасында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және әдеби шығармаларды тереңірек таныту мақсатында “12 ай 12 кітап” жобасы аясында “Кітап алаңы” ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар қызықты әрі танымдық тапсырмалар орындады.
Атап айтқанда:
Әдеби шығармалар бойынша сұрақ-жауапқа қатысты;
«Шығарманың атауын қимылмен көрсет» тапсырмасында өз шеберліктерін сынады;
әдеби шығармаларды еске түсіріп, білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Көңілді әрі мазмұнды өткен шара оқушыларға кітап әлеміне жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.


