«Мамандық таңдау — өзіңді танудан басталады»
«Қызығушылық пен қабілеттен мамандыққа: кәсіби бағытыңды қалай анықтауға болады?»
10-сынып оқушылары үшін мамандық таңдау — болашаққа жасалған маңызды қадам.
Бүгінгі сынып сағатында оқушылар өздерінің қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтау, жеке ерекшеліктерін тану және сол қасиеттерді болашақ мамандықпен байланыстыру туралы ой бөлісті.
Сынып сағатын Марғұлан университетінің 2-курс студенттері — педагогикалық практикадан өтушілер ұйымдастырып, оқушылармен қызықты әрі практикалық форматта жұмыс жүргізді.
Кездесу барысында оқушылар өз болашағына жаңа көзқараспен қарап, «Мамандық таңдау — өзіңді танудан басталады» деген маңызды ойға назар аударды.
