Ағаш егу – табиғатқа жасалған ізгі қадам!
Ағаш егу – табиғатқа жасалған ізгі қадам!
Бүгін мектебімізде 1-сынып оқушыларының қатысуымен ағаш егу шарасы өтті. Кішкентай бүлдіршіндер табиғатты аялаудың маңызын түсініп, өз қолдарымен көшет отырғызды. Бұл игі шараға оқушылармен қатар ата-аналар да белсенді қатысып, барлығы бірге жас көшеттерді отырғызды.
Бұл шараның басты мақсаты – оқушылардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға баулу.
Әр отырғызылған ағаш – болашаққа қалдырылған жасыл мұра. Бүгінгі кішкентай еңбек – ертеңгі үлкен игілік!
Бүлдіршіндер отырғызған әрбір көшет жайқалып өсіп, мектебіміздің көркін арттыра берсін!


