«Шеберлер қаласы» сәндік-қолданбалы шығармашылық қалалық байқауының жүлдегері
Бүгін біз үшін ерекше күн! Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 5-сынып оқушысы Нұркен Нұрайды «Шеберлік пен шығармашылық» жобасы аясында өткен «Шеберлер қаласы» сәндік-қолданбалы шығармашылық қалалық байқауының жүлдегері атануымен құттықтаймыз! Нұрай «Табиғи материалдардан жасалған бұйым» бағыты бойынша ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталды.
Бұл үлкен еңбек пен талпыныстың жемісі. Ата-анасына, жетекшісіне және осындай мүмкіндік сыйлаған «Павлодар дарыны» орталығына алғысымыз шексіз. Нұрайдың болашақта бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!
