«Тәуелсіздік ұланы» төсбелгісімен марапатталды
8 «А» сынып оқушысы Берекелі Бексұлтанды «Тәуелсіздік ұланы» төсбелгісімен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл марапат — жас ұрпақтың бойындағы отансүйгіштік рухтың, білімге деген құштарлықтың, белсенділік пен табандылықтың айқын көрінісі.
Бексұлтанның бұл жетістігі — өзіне артылған сенімнің ақталғанының жарқын дәлелі. Жас ұланның әрбір бастамасы жаңа белестерге бастау болып, елінің абыройын асқақтататын азамат болып қалыптасуына тілектеспіз!
Алдағы уақытта да толайым табыстар, биік белестер мен жарқын жетістіктер серігің болсын!

