«Зиянды әдеттер мен олардың адам ағзасына келтіретін әсері» атты семинар
18.10.2011 ж күні 9 сынып оқушылары арасында «Зиянды әдеттер мен олардың адам ағзасына келтіретін әсері» атты семинар өтті. 9 сынып оқушылары «Жас өспірім және зиянды әдеттер», «Есірткі-ол өте қауіпті», «Ішімдік және зиянды әдеттер» және тағы басқа презентацияларды ұсынды. Презентациялар сайысында бірінші орынды 9Б сынып оқушысы Байсеитова Дана иеленді. «Шылым шегу – бұл зиян!» тақырыбындағы презентацияны біздің сайттан көруге болады.