Жаратылыстану – математикалық циклі апталығы
20 лицей- мектебінде 18.02.2013 ж. жаратылыстану – математикалық циклі апталығы басталды. Апта бойы оқушылар ұлы, дана адамдар өмірі туралы көптеген мағлұмат алады. 8 – 9 сыныптарына арналған «Білгірлер» сайысы, 10 сыныптарға арналған «Миллион кімге бұйырады?», 8 – 9 қазақ сыныптарына арналған «Биохимиялық рулетка», «Жер шарына саяхат» бойынша альманах (8 орыс сыныбына), «Ең жылдам» ойыны (8-9 сыныптарына) өткізілетін болады. Барлық оқушыларға жаңа білім тану жолындағы ойын конкурстарында табыс тілейміз.