Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Құттықтаймыз!
22-04-2013 07:32
Құттықтаймыз!

20.04.2013 жылы ИнЕУ білім ордасында "Көптілділіктегі жаңалықтар" атты мұғалімдердің Бірінші Республикалық форумы өткізілді. Оған барлық аймақтың мұғалімдері, оның ішінде №20 лицей- мектебінің ұстаздары да қатысты. Тапсырылған 31 жұмыстың ішінде алдын- ала іріктеуден өткен 17 жұмыс тыңдалды.Педагогтардың жұмысын бағалаушы әділқазылар алқасының құрамына ИнЕУ оқытушылары кірді: білім Академиясының директоры Б.Д.Қайырбекова, ф.ғ.д.профессор, "Журналистика және орыс филологиясы" кафедрасының меңгерушісі А.Р.Бейсенбаев, ф,ғ,д, "Журналистика және орыс филологиясы" кафедрасының профессоры Г.У.Имамбаева, ф.ғ.к, доцент, "Ағылшын тілі және аударма ісінің теориясы мен практикасы" кафедрасының меңгерушісі Г.А.Хамитова, ф.ғ.к, доцент, Т.В.Зенкова, сол сияқты ф.ғ.к, Новгород университетінің профессоры В.И.Заика болды. Жақсы жұмыстардың ішінде Г.Т.Топанованың және О.Н.Подлеснаяның арнайы курстары аталып, марапатталды және сертификаттар берілді.